1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Балалар өмір гүлі” атты мерекелік іс-шара өткізілді

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Балалар өмір гүлі” атты мерекелік іс-шара өткізілді

01.06.2025жылы Алтынемел ауылдық округі Алтынемел орта мектебінің алаңында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Балалар өмір гүлі” атты мерекелік іс-шара өткізілді. Шара барысында бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, әсем ән мен көңілді билерін тамашаладық. Қызықты ойындар ойнатылып, асфальтта бормен сурет салып жарысты. Мереке соңы балаларға тәттілер, балмұздақтар, попкорн, тәтті сусын таратумен ұласты.Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.