2025 жылдың 14 мамыр күні мектептер және колледждің ата-аналармен маңызды кездесу өтті. Шараға Қаратал ауданының аудандық ауруханасының наркология және психиатрия кабинетінің маманы Асесорова Ю.В., Қаратал АПБ ЮПТ Кәмелетке толмағандар істер жөніндегі аға инспекторы Хасенов Э.Т., Дін істер басқармасының теолог маманы Булекбаев Е.А.; Төтенше жағдай бөлімінің азаматтық қорғау капитаны Гайдамакина Н.Г. қатысты.
Кездесу барысында мамандар ата-аналарға қазіргі қоғамдағы нашақорлық мәселесі, оның жастарға тигізер зияны, белгілері мен алдын алу жолдары жайлы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, есірткіге тәуелділіктің адам психологиясына, отбасы мен қоғамға әкелетін кері әсері де жан-жақты түсіндірілді.
Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі пайдалы кеңестер алды. Бұл кездесу – ата-аналар мен мамандар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған маңызды қадам болды.
Бала – болашағымыз. Оның жарқын келешегі – біздің бүгінгі жауапкершілігімізде!