07.05.2025 жылы орталық алаңда 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті, онда аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, белсенді еңбектері үшін бірқатар әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.
Сонымен қатар аудан тұрғындары орталық алаңда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астана қаласында өткен әскери шеруді тікелей эфир арқылы тамашалады.