Аудан ардагерлеріне мерейтойлық медальдар табысталды

Аудан ардагерлеріне мерейтойлық медальдар табысталды

Отан соғысының 80 жылдығына орай аудан әкімі Ұлан Досымбеков, аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, ардагерлер кеңесінің төрағасы және мекеме бөлім басшылары ауданымыздағы 84 тыл ардагерінің үйлеріне арнайы барып, олардың майдан мен тылдағы ерен еңбектеріне құрмет көрсетті.

Ардагерлерге мерейтойлық медальдар табысталып, ізгі тілектер айтылды. Бұл тағылымды кездесу өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, аға буын өкілдеріне деген сыйластықтың нақты көрінісіне айналды.