Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 бұйрығымен бекітілген «Елді мекендердің жасыл желектерін құрудың, күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережесіне сәйкес, бүгінгі күні Қаратал ауданының аумағында жасыл желектердің зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жұмыстар Қаратал ауданының жасыл қорын жақсарту үшін ұйымдастырылуда.
Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген және адамдар мен жануарлар үшін экологиялық қауіпсіз улы химикаттар санаты бар, яғни қала шегінде пайдалануға рұқсат етілген пестицидтер (улы химикаттар) тізімінен қолданылатын пестицидтер. Пестицидтердің сәйкестік сертификаттары бар.
Жоғарыда аталған іс-шараларды “Алматы облыстық санитарлық ветеринариялық-дезинфекциялық отряды” ЖШС жүргізеді. Тапсырыс беруші “Қаратал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі” ММ болып табылады.