Өз құқығымызды білеміз!

Өз құқығымызды білеміз!

📢 Қалжыңдасудың да шегі бар. Біреуді мазақ ету — бұл әзіл емес. Буллинг пен кибербуллинг — бұл заң бұзушылық!

👮‍♀️ Мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған:
🔸 Бірінші рет жасалған жағдайда — ата-аналарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады
🔸 Егер қайталанса — 30 АЕК (110 760 теңге)
👦 Егер бұзақылық жасаған бала 12-16 жас аралығында болса — оның ата-анасы немесе заңды қамқоршысы жауап береді

💡 Неліктен бұл маңызды?
Себебі әрбір баланың — мектепте, интернетте, жалпы кез келген жерде — өзін қауіпсіз сезініп, қолдауға ие болуға құқығы бар.

📱 Егер буллингке тап болсаң — үндемей қалма!
🔹 Мектептегі психологпен сөйлес
🔹 Бала құқықтары жөніндегі уәкілге жүгін
🔹 111 байланыс орталығына қоңырау шал — сенің құқығың мемлекеттің қорғауында!