Қазіргі уақытта ҚР 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.
2024 жылдың соңына дейін Жетісу облысы бойынша 447 нысанды бейімдеу жоспарланған, өңірде 829 нысан бейімделіп, жоспар артығымен орындалды.
Мәселен, өңірдегі 829 нысан мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімді. Олардың ішінде:
- денсаулық сақтау объектілері – 137;
- білім беру нысандары – 425;
- мәдениет нысандары – 91;
- сауда және қызмет көрсету объектілері – 10;
- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 106;
- спорт нысандары – 25;
- әлеуметтік қорғау объектілері – 11;
- көлік инфрақұрылымы объектілері – 2;
- басқалары – 22.
2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік бақылау шеңберінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік, сауда және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 10 тексеру жүргізді, оның ішінде 5 жоспардан тыс тексеру және прокуратура органдарының талабы бойынша 5 тексеру болды.
Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, оларды жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынатын болады.
Дереккөзі: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты