Қаратал ауданында кәсіпорын басшыларымен кездесу өтті

Қаратал ауданында кәсіпорын басшыларымен кездесу өтті

2025 жылғы 17 сәуірде Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Үсенов Саулет Үсенұлы және Қаратал ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Байғазинова Гаухар Нұртайқызы бірқатар кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіпорындарда туындаған өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастыру болды. Шараға «Үштөбе сүт өнімдері» ЖШС, «Қаратал балық» ЖШС, «Тамас» ЖШС және «Секвойя Плюс» ЖШС секілді аудан экономикасының дамуына үлес қосып отырған ірі кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында кәсіпкерлер өндірістік үдерістердегі кедергілер, инфрақұрылым мәселелері, кадр тапшылығы және мемлекеттік қолдау тетіктеріне қатысты сұрақтарын көтерді. Аудан әкімдігі тарапынан көтерілген мәселелер мұқият тыңдалып, оларды шешу бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Осындай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, кәсіпкерлік саласындағы түйткілді мәселелерді жергілікті деңгейде шешуге бағытталатын болады.