
Аудан әкімі Ұ.Досымбековтың төрағалығымен өткен кеңейтілген аппарат отырысында аудан қызметіне қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Жиынға аудан прокуроры Қ.Нухаев, полиция бөлімінің бастығы А.Нұрсұлтанұлы, мәслихат төрағасы М.Әкімжанов, округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары қатысты. Қаралған мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелерге тиісті тапсырмалар берілді. Көтерілген мәселелердің бірі интернет-алаяқтықтың көбеюіне байланысты облыс прокуратурасының кешенді іс-шаралар жоспарын дайындау туралы ұсыныс хатын қарау болды. Аудан прокуроры тұрғындар арасындағы қылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алу және онымен күресу шараларын, сондай-ақ аудандағы қылмыстың өсуін талқылады. Ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім беру ұйымдарында профилактикалық іс-шаралар жүргізу, сондай-ақ тыйым салынған заттарды таратуға байланысты заңсыз жарнаманы жою және интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, аудан әкімі округ әкімдеріне және мекеме басшыларына халықпен кездесулердің барлық түрлеріне интернет алаяқтық тақырыбын енгізуді тапсырды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.