«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» – зейнетақы жинақтарыңызды инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз

«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» – зейнетақы жинақтарыңызды инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз

Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2024 жылдың 11 және 13 желтоқсан күндері «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнін» өткізеді.

Күннің басты тақырыбы – «ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау».

ИПБ деген не, өз зейнетақы жинақтарыңызды сенімгерлік басқаруға беретін компанияны қалай таңдауға болады, сондай-ақ жинақты сенімгерлік басқаруға аудару қағидалары туралы Қор мамандары мен инвестициялық компаниялардың өкілдері аталмыш іс-шара барысында түсіндіріп береді. 

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» іс-шарасы онлайн-форматта 2024 жылдың 13 желтоқсан күні (10:00, 14:00, 16:00) өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін сілтеме (https://enpf.webex.com/weblink/register/re94aa2322a5c722f5b6eb15f2e8ce3e6 ) бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін (2518 951 1727) және event-кеңестің құпиясөзін (13122024) енгізіңіз.

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!