27 мамырдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасы басталғанын қуана хабарлаймыз!

27 мамырдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасы басталғанын қуана хабарлаймыз!

Бұл әрбір қазақстандық үшін аудан орталықтарына немесе ауылдық жерлерге барудың, онда жұмысқа орналасудың және тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін тиімді ипотека алудың бірегей мүмкіндігі.
2024 жылға арналған бағдарламаның шарттары:
• Қарыздың ең жоғары сомасы: 2500 АЕК, бұл 9 230 000 теңгені құрайды.
• ⁠Қарыздың ең ұзақ мерзімі: 15 жыл.
• ⁠Сыйақы мөлшерлемесі: барлығы 0,01% (ЖТСМ 0.01%)

Бұл бағдарлама кімдерге арналған:

Бағдарламаға жоғары білімі және келесі мамандықтар бойынша дипломы бар кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады:
• Денсаулық сақтау мамандары
• ⁠Білім беру мамандары
• ⁠Әлеуметтік қамсыздандыру мамандары
• ⁠Мәдениет мамандары
• ⁠Спорт мамандары
• ⁠Агроөнеркәсіптік кешен мамандары

Қалай өтініш беруге болады:
«Дипломмен - ауылға» жобасына қатысу үшін порталға тіркелу қажет otbasybank.kz және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен өтінімге қол қою.

Маңызды ақпарат:
Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын жоғарыда аталған мамандықтардан сұранысқа ие қызметкерлердің тізбесін қалыптастырады.

Мемлекеттік қолдау дәл осы тізім шеңберінде көрсетілетін болады. «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының операторы Отбасы банкі болып табылады.