Көктем шыға елдің берекесін тасытып, жұрттың ырысын еселейтін дала жұмыстары қауырт жүреді

Көктем шыға елдің берекесін тасытып, жұрттың ырысын еселейтін дала жұмыстары қауырт жүреді

 Өткен жылы қараталдықтар ауылшаруашылығынан мол өнім алып, мал басының өскенін білеміз. Сол жетістікті әлсіретіп алмас үшін көктемгі дала жұмысына диқандар тастүйін дайындықпен кірісті.
Биыл Қаратал ауданы бойынша 1500 гектар қант қызылшасы, 8237 гектар дәнді дақыл, 2305 гектар майлы дақыл, 1116,5 гектар картоп,2405 гектар көкөніс-бақша дақылдры, 7004 гектар мал азығын себу жоспарлануда.