Ескелді ауылдық округінің тұрғындары қол ұшын созып «Күшіміз бірлікте» акция аясында қайырымдылық көмек көрсетті

Ескелді ауылдық округінің тұрғындары қол ұшын созып «Күшіміз бірлікте» акция аясында қайырымдылық  көмек көрсетті

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмекті жинау жалғасуда!
Ескелді ауылдық округінің тұрғындары қол ұшын созып «Күшіміз бірлікте» акциясына 915 300 теңге көлемінде азық түлікпен көмек көрсетті.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші Қараталдық жерлестеріміз Ескелді ауылдық округінің тұрғындары табиғи апаттың құрсауында қалған отандастарға қажетті заттарды жинап, ерекше белсенділік танытты. Бір ел, бір халық болып, бір-бірімізді қолдайық, ағайын!
Табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген еріктілер мен өңір тұрғындары үшін ⬇️
Үштөбе қаласы, Абылай Хан 7А, «Amanat» партиясының филиалы мекен-жайында гуманитарлық көмекті қабылдау пунктті жұмыс жасауда. #күшімізбірлікте