“Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл” тақырыбы бойынша шара өтті

“Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл” тақырыбы бойынша шара өтті

Ағымдағы жылдың 8 ақпан күні “Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл” тақырыбы бойынша Қаратал ауданының ауған соғысы ардагерлерімен, Қаратал ауданының мәдениет үйінің өкілдерімен бірлесіп іс-шара ұйымдастырылды. Шараға Қаратал ауданының "Аманат" партиясының төрағасы, № 55078 әскери бөлімінің сарбаздары, Ауған соғысының ардегерлері, мәдениет үйінің өкілдері және мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара  барысында ауданымыздан Ауған соғысына аттанған азаматтар туралы видеороликтер көрсетілді. Сарбаздар Ауған соғысының ардагерлеріне, Ауған соғысының тарихы және ондағы қызмет жолдары, өткен қиыншылықтары мен есте қалған қуаныштарын, ондағы болған жағдайлар туралы өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарға Ауған  соғысының ардагерлері жауап берді. Іс-шара аяқталған соң, ардагерлер сарбаздарға өз Отанына адал болуға шақырып, өз баталарын берді.