Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Биыл «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай» республикалық форумды өткізу және «Еңбек жолы» республикалық конкурсының (бұдан әрі – конкурс) лауреаттарын мараппатауды маусым-шілде айларына жоспарлады. Осыған байланысты,облыс денгейінде іріктеу конкурсы өткізіледі.
Конкурсқа кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері қатыса алады.
«Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар
1) Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам»бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
2) еңбек адамдары туралыоң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;
3) қазақстандықтардаҚазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
1) «Үздік еңбек әулеті» –еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттарыең көпең көп санды әулет таңдалады.
Ескертпе
Конкурсқа меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдеріқатыса алады.
Еңбек әулеті – бір ұймныңбір отбасыныңекі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен),қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жылжұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауғатиіс.
2) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» -жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгертаңдалады.
Әр номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттау үшін келесі сомалар ақшалай сертификаттар беріледі:
- 1 орын – 1 000 000 (бір миллион) теңге;
- 2 орын – 500 000 (бесжүз мың) теңге;
- 3 орын – 200 000 (екіжүз мың) теңге.
ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯ конкурсқа қатысушылардың арасынан«Еңбек жолы»Конкурсының ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАЙДЫ;
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯ конкурстың өңірлік деңгейінің жеңімпаздарының арасынан «Еңбек жолы» Конкурсының ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАЙДЫ;
Республикалық комиссия «Еңбек жолы»конкурсының республикалық кезеңінің әр номинациясы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) жеңімпаздарды анықтайды.
Өңірлік комиссия облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметкерлерінен, сондай-ақ аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің (келісім бойынша) және өңірлік кәсіпкерлер палатасының (келісім бойынша)өкілдерінен тұруға тиіс.Республикалық және Өңірлік комиссияның құрамынан Төраға және хатшы сайланады.
1) конкурсанттардың құжаттарын қабылдайды;
2) комиссия отырыстарын ұйымдастырады;
3) комиссияотырысының хаттамасын ресімдейді және конкурс қорытындысыбойынша жеңімпаздарға материалдар қалыптастырады;
4) жеңімпаздарғаматериалдарды Республикалық комиссияға жібереді.
1)номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4)конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-3 минут компьтерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5)еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;
6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.
Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):
мемлекеттік немесе ведомстволықнаградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардыңкөшірмелері;
біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады. Конкурс туралы қосымша ақпарат алу үшін 8/7282 / 32-96-75 телефоны бойынша Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласыңыз.
«Еңбек жолы»конкурсы бойынша жеңімпаздарды іріктеукритерийлері
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:
1.әулеттің барлық өкілдері алған мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, сондай-ақ мадақтау қағаздарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің алғыс хаттарының саны;
2.әулет өкілдері болып табылатын отбасы мүшелерінің және туған-туысқандарының жалпы саны;
3.еңбек әулетінің әулет басшысының еңбек қызметі басталған күннен бастапКонкурстың екінші кезеңіне қатысу үшінқұжаттар пакетін ұсынған күнге дейінгікәсіптегі жалпы еңбек өтілі.
«Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша:
Комиссия жоғарыда көрсетілген критерийлер талаптары сақталмаған жағдайда ұсынылған материалдарды қайтара алады.