«Еңбек Жолы» конкурсы.

«Еңбек Жолы» конкурсы.

«Еңбек Жолы» конкурсы.

     Конкурс «Үздiк еңбек әулетi», «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi», «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» номинацияларынан тұрады.

Аталған конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерiн сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздiк еңбек әулеттерi мен өндiрiс қызметкерлерiн анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесiн арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнiмдiлiгiн ынталандыруға ықпал етедi.

Конкурс 2 кезеңде өтедi: «Еңбек жолы» конкурсы жеңiмпаздарын облыстық және республикалық деңгейде iрiктеу.

Республикалық комиссия жеңiмпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бiрiншi, екiншi, үшiншi орындар) анықтайды.

Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, кәсiпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлерi қатыса алады. 

  • «Үздiк еңбек әулетi» — ең ұзақ еңбек өтiлi, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.
  • «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi» — өндiрiстiң еңбек өтiлi 5 жылдан аспайтын ең белсендi және еңбекқор қызметкерi таңдалады.
  • «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» — кемiнде 20 жыл жұмыс өтiлi бар ең белсендi және тиiмдi тәлiмгер таңдалады.

Еңбек әулеттерiнiң өкiлдерiн, сондай-ақ ынталы жас қызметкерлердi сондай-ақ олардың тәлiмгерлерiн Конкурсқа белсендi түрде қатысуға шақырамыз.

      Байланыс телефоны (872834) 2-12-64