Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзарту

Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзарту

Қайырлы күн оқырман! Әдеттегідей, аптаны парақшамыздың  #oqy&toqy айдарынан бастаймыз. Бүгін біз Қандас мәртебесін ХҚО арқылы алу жолын айтып береміз. Ондай болса, іске сәт:
1.Алдымен ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз
2.Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз
3.Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз
     Қандас (Оралман) мәртебесін алу үшін:
1.Еркін түрде жазылған өмірбаян
2.Отбасы мүшелерінің әрқайсысының  3х4 көлеміндегі екі суреті
3.Мәртебені алушы барлық отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі
      Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса:
📎Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхат
📎 Өтініш беріледі

     Мәртебе мерзімі:
1.Мәртебе 1 жылға жарамды. Бұл мерзім бітерде ҚР азаматтығын алу үшін өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады.
2. Мәртебені ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң, қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз. 

     Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде:
✔️Мәртебені алу – 15 жұмыс күні
✔️Мәртебені ұзарту – 5 жұмыс күні

     Ескерту!
Сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтер тексерілгеннен кейін, өтініш берушіге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ ХҚО операторынан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты алуды ұмытпаңыз.