Еліміздің бірқатар өңірлерінде егін орағы басталды. Бүгінгі күнге дейін 1,6 млн тонна дәнді дақыл бастырылып, орташа өнімділік гектарына 19,1 центнерді құрады.
Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, жиналған өнімнің 1 067 мың тоннасы – бидай, 456 мың тоннасы – арпа.
Сонымен қатар 411 мың тонна көкөніс, 11,5 мың тонна картоп және 228,7 мың тонна бақша дақылдары жиналды.
Биыл жалпы егіс алқабы 24,2 млн гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар – 15,6 млн гектар, майлы дақылдар – 5,2 млн гектар, мал азықтық дақылдар – 3,0 млн гектар, мақта – 173,6 мың гектар, ұйымдасқан шаруашылықтардағы картоп – 89,9 мың гектар, қант қызылшасы – 23,8 мың гектар.
Егін орағы науқанының барысы тұрақты бақылауда.