
2026 жылғы 9 шілдеде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында құрылған мобильді топтың қатысуымен Қаратал ауданының Үштөбе қаласы мен Бастөбе ауылында рейдтік іс-шара өткізілді. Рейд барысында абаттандыру қағидаларының сақталуына мониторинг жүргізіліп, заңсыз қоқыс үйінділерінің орналасуына және құрылыс қалдықтарының жиналуына жол берген жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға ескертулер беріліп, әкімшілік айыппұл салу шаралары қолданылды. Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – абаттандыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекендердің санитариялық жағдайын жақсарту.