Айту би ауылдық округінің тұрғындары үшін «Ашық есік» күні ұйымдастырылды

Айту би ауылдық округінің тұрғындары үшін «Ашық есік» күні ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде заң көмегін көрсету мақсатында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында Айту би ауылдық округінің тұрғындары үшін «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсету, олардың заңнамаға қатысты сұрақтарына жан-жақты жауап беру және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заң аясында туындаған мәселелерді шешуге ықпал ету, тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайту көзделді.