
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2026 жылдың 26 наурыз күні сағат 10-00-де Қаратал ауданы әкімдігінің жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының 2026 жылғы І тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өткізілді.
Қаралған мәселелер:
Алаяқтықтың алдын алу, оның ішінде цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы жасалатын алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы.
/Аудандық полииция бөлімі/
/Аудандық білім бөлімі/
Кісі өлтірудің алдын алу және алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстардың алдын алу туралы.
/Аудандық полиция бөлімі/
/Аудандық орталық аурухана/
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы.
/Аудандық полиция бөлімі/
/Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі/
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, Үштөбе қаласы және ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар хаттамалық шешімдерді орындау тапсырылды, онда тиісті мемлекеттік мекемелерге нақты міндеттер белгіленді.