
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2026 жылдың 26 наурыз күні сағат 10-45-те Қаратал ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының 2026 жылғы І тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өткізілді.
Қаралған мәселелер:
Полиция органдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы
/Аудандық полиция бөлімі/
Денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы
/Аудандық орталық аурухана/
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, Үштөбе қаласы және ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар хаттамалық шешімдерді орындау тапсырылды, онда тиісті мемлекеттік мекемелерге нақты міндеттер белгіленді.