Бүгін ауданымызда “Ұлттық киім күні” ерекше сән-салтанатпен аталып өтті.

Бүгін ауданымызда “Ұлттық киім күні” ерекше сән-салтанатпен аталып өтті.

Мәдениет үйі қазақы нақышқа бөленіп, ұлттық рухты айшықтай түсіп отыр. Келген қонақтар мен тұрғындар ата-бабамыздан мирас болған асыл мұра – ұлттық киімдерімізді дәріптеп, ерекше әсер алғаны рас. 📍Шара барысында әрбір киімнің өзіндік мәні мен мағынасы кеңінен таныстырылды. Ер азаматтардың иығына жарасқан шапан – мәрттік пен абыройдың, кеңпейілділіктің белгісі болса, аналарымыздың ақ кимешегі – ұрпақ тәрбиесі мен аналық мейірімнің символы ретінде көрініс тауып отыр. Мерекелік көңіл-күйді жергілікті өнерпаздар жалғастырып, әсерлі әндер мен күмбірлеген күйлерден құралған концерттік бағдарлама паш етті. 📌Осындай тағылымы мол шаралар ұлттық болмысымызды жаңғыртып, жас ұрпақтың санасына салт-дәстүріміздің қадірін сіңіруге зор үлес қосары анық.