17 наурызда Ескелді ауылдық округінің мәдениет үйінде Наурызнама онкүндігі аясында «Шаңырақ күні» мерекесі өтті.

17 наурызда Ескелді ауылдық округінің мәдениет үйінде Наурызнама онкүндігі аясында «Шаңырақ күні» мерекесі өтті.

Мереке барысында 50 жылдан аса отасқан берекелі отбасылар – «Алтын шаңырақ» иелері, сондай-ақ 25 жылдан аса отасқан шаңырақ иелері – «Күміс кереге» құрметтелді. Оларға ізгі тілектер айтылып, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Келе жатқан әз-Наурыз мерекесі құтты болсын!