Аудан әкімі Ұ. Досымбеков тұрғындарды жеке қабылдады

Аудан әкімі Ұ. Досымбеков тұрғындарды жеке қабылдады

2026 жылғы 12 наурызда аудан әкімі У. Досымбеков Бәйшегір және Қызылбалық ауылдық округтерінде тұрғындарды жеке қабылдады. Жиналыс барысында тұрғындар өздерін толғандыратын мәселелерді, оның ішінде ұялы байланыстық мәселесі, суармалы жер учаскелерін бөлу, балық шаруашылықтың дамуы және тұрақты жұмыспен қамтуын талқылай алды.

Кездесу барысында әкім азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдап, тиісті қызметтерге нақты тапсырмалар берді және тұрғындардың жергілікті мәселелерді шешуге қатысуының маңызды екенін атап өтті.