
2026 жылғы 11 наурызда аудан әкімі У. Досымбеков Тастөбе, Айту би, Жолбарыс Батыр және Балпық ауылдық округтерінде тұрғындарды жеке қабылдады.
Кездесу барысында тұрғындар инфрақұрылым, құжаттарды рәсімдеуге көмек, құрылыс жүргізу үшін жер учаскелерін бөлу және үйлерді жекешелендіру мәселелерін көтерді. Әкім азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдап, тиісті қызметтерге нақты тапсырмалар берді.