
🔹Аудан әкімі Досымбеков Ұлан Әлдибекұлының төрағалығымен өткен отырыста, маңызды мәселелер қарастырылып, жауапты бөлім басшыларына тапсырма берілді. Аппараттық жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, қала және ауылдық округ әкімдерімен мекеме басшылары қатысты.
🔺Күн тәртібіндегі жұмыстар бойынша👇
▪️Көктемгі дала жұмыстарына дайындық;
▪️Аудан аумағындағы қоғамдық-саяси ахуал;
▪️Жеке қабылдау бойынша тұрғындардың өтініштерін қарау;
▪️Ауылшаруашылығын жандандыру және арық тазалау жұмыстарының мәселесі;
▪️Білім саласының мәселелерін шешу және ҰБТ ға оқушылардың дайындығын күшейту тапсырылды;
▪️Абаттандыру жұмыстары кезіндегі кесілген ағаш мәселелерін тазалау жұмыстары;
▪️Осы айда атқарылатын ауқымды шараларға дайындық;
▪️Құрылыс саласы бойынша 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысының қарқыны.
🔸Сондай-ақ, әр мәселе бойынша аудан әкіміне тиісті баяндама жасалып, алдағы кезеңге нақты жоспар қойылды. Қорытындылай келе аудан әкімі жауапты мемлекеттік мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеп, олардың уақытылы әрі сапалы орындалуын тапсырды.