ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

💎Қаратал ауданының Қызылбалық ауылдық округі әкімі, Е-R-1 санаты.

📌2026 жылғы 02 наурыздағы № 32 ө-ж/қ өкімімен Талғат Рапықұлы Уалиев 2026 жылдың 02 наурызынан бастап, Қызылбалық ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

♦️Талғат Рапықұлы Уалиев - 1987 жылы Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келген.
Жоғары білімді, 2009 жылы – Академик Жолдасбеков атындағы институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

🔺Еңбек жолын, 2014-2020 жылдары “Қаратал ауданының мәслихаты аппараты” ММ-нің бас маманы және сектор меңгерушісі болып бастады.
2020-2024 жылдары Қаратал ауданының Елтай ауылдық округі әкімі. Сондай-ақ 2024-2025 жылдары «Қаратал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы қызметін атқарды.
2025 жылдан «Қаратал ауданының Үштөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы боп еңбек етті.