
Ағымдағы жылдың 17 ақпан күні кешкі мезгілде пробация есебінде тұрған азаматтарға қатысты бірлескен рейдтік шара ұйымдастырылды. Іс-шара пробация қызметкерлері мен «Жанұя» отбасын қолдау орталығының мамандарының қатысуымен өткізілді.
✅Рейд барысында тіркеуде тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары араланып, сот жүктеген міндеттердің орындалуы тексерілді. Сондай-ақ олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.