
Қаратал ауданы әкімінің баспасөз хатшысы болып Несіпбергенов Марлен Айдарханұлы тағайындалды.
М. Несіпбергенов 1996 жылы Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келген, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің “Журналист” мамандығын бітірген.
Еңбек жолын 2017 жылы облыстық “Жетісу” телеарнасында редактор болып бастаған. Сондай-ақ, 2021 жылы Жетісу облыстық Халық шығармашылығы орталығының режиссері болып қызмет атқарып, 2024 жылы сол мекемеде “Жастармен жұмыс жасау бөлімінің” бөлім меңгерушісі болды. 2024 жылдың желтоқсан айынан «AMANAT» партиясы Қаратал ауданы филиалының консультант ретінде еңбек етті.