2026 жылдың 14–27 қаңтар аралығында Қаратал ауданының ауылдық округтерінде мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша Ашық есік күндері өткізілді.

          Іс-шараға Қаратал ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Г. Байгазинова, Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы І. Саяқбаев, мансап орталығы филиалының директоры Д. Ашыкбаев, Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы Ж. Тастанбекова, Жетісу облысы кәсіпкерлік палатасының Қаратал ауданы филиалының директоры М. Төлегенов қатысты.
          Кездесу барысында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несиелер, «Ауыл аманаты» бағдарламасы, қайтарымсыз гранттар, мемлекеттік қолдау тетіктері және 2026 жылы жеке кәсіпкерлер үшін салық салу саласындағы өзгерістер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.