Қауіпсіз аула – ортақ жауапкершілік!

Қауіпсіз аула – ортақ жауапкершілік!

«Қауіпсіз аула» атты профилактикалық іс-шара аясында "Жанұя" орталық қызметкерлері, аудандық пробация бөлімі және участкелік полиция қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен жұмыс жүргізілді.

Іс-шара барысында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары өткізіліп, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кеңестер берілді.

Мақсат – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз аула мәдениетін қалыптастыру.