🔹Алмалы ауылында ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды

🔹Алмалы ауылында ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды

🔹Алмалы ауылында ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды 🔻2025 жылы 23 желтоқсан күні, Жетісу облысы Қаратал ауданына қарасты Бәйшегір ауылдық округінің орталығы – Алмалы ауылында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ерікті өрт сөндіру бекеті салтанатты түрде ашылды. Бұл – Жетісу облысында аталған бағдарлама шеңберінде іске қосылған алғашқы нысан. 🔻Аталған өрт сөндіру бекетінің басты мақсаты – ауылдық жерлердегі азаматтық қорғау жүйесін нығайтып, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыру. Жаңа нысан Алмалы ауылы мен оған іргелес елді мекендерге қызмет көрсетіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа деңгейіне шығарады. 🔻Салтанатты ашылу рәсіміне жергілікті атқарушы орган өкілдері мен Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы қатысты. Олар аталған жобаның ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтіп, бұл бастама халықтың өмірі мен мүлкін қорғауға бағытталған маңызды қадам екенін жеткізді. 🔻Өрт сөндіру бекетінің штатында 6 қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде 4 өрт сөндіруші және 2 арнайы техниканың жүргізушісі бар. Жеке құрам арнайы даярлықтан өтіп, өрттер мен өзге де төтенше жағдайларға жедел әрі кәсіби түрде әрекет етуге дайын. 🔻Жобаның жалпы құны 13 миллион теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарын «Big Story Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырды. 🔻Айта кетейік, Алмалы ауылында 112 аула бар, тұрғындар саны – 764 адам. Оның ішінде 242-сі – жастар. 🔻Жаңа өрт сөндіру бекетінің іске қосылуы төтенше жағдайларға әрекет ету уақытын едәуір қысқартып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жоба жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсерін тигізіп отыр. 🔻Алмалы ауылында ашылған өрт сөндіру бекеті – өңірдегі қауіпсіздік жүйесінің нығайып, ауыл өмірінің сапасы арта түскенінің айқын көрінісі.