Ауданымыздың кәсіпкері мұқтаж отбасына үй сыйлады!

Ауданымыздың кәсіпкері мұқтаж отбасына үй сыйлады!

🔹Жыл басынан бері демеушілердің қолдауымен ауданымызда қуанышты жаңалықтар жалғасуда. Бүгін тағы бір мұқтаж отбасы жаңа баспанаға ие болды.

🔻Алғашқы отбасына үйді ТОО «ESG Holding» демеуші ұйымы алып берген болса, екінші отбасыға баспана ТОО «BIG Stroy Service» компаниясының қолдауымен табысталды. Ал бүгін үшінші мұқтаж отбасыға жеке кәсіпкер Жайлау Бласов жаңа үй сыйлады.

🔻Осындай игілікті істерге ұйытқы болып жүрген демеуші азаматтарға аудан атынан шексіз алғыс айтамыз. Қайырымды жандардың қатары арта берсін!