Алмалы ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Алмалы ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Бәйшегір ауылдық округінің Алмалы ауылында жаңа спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараны аудан әкімі Досымбеков Ұлан Әлдібекұлы ашып, ауыл тұрғындарын осы игілікті оқиғамен құттықтады. Ол өз сөзінде спорт кешенінің жастарға арналған рухани және дене шынықтыру орталығына айналатынын атап өтті.

Шараға сондай-ақ Мәулен Сатымбайұлы Мамыров қатысып, ізгі тілегін білдірді. Жергілікті жұртшылық осындай маңызды әлеуметтік нысанның ауылда бой көтергеніне зор қуаныштарын жеткізді.

Жаңа спорт кешені футбол, волейбол, баскетбол сынды бірқатар спорт түрлерімен шұғылдануға толықтай мүмкіндік береді. Бұл нысан ауыл спортын дамытуға және жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға үлкен серпін қосатыны сөзсіз.