Қаратал ауданында Республика күніне орай жаңа медициналық нысандар ашылды

Қаратал ауданында Республика күніне орай жаңа медициналық нысандар ашылды

21 қазан күні – Республика күніне орай Қаратал ауданында тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру мақсатында бірқатар маңызды әлеуметтік нысандар ашылды.

🏥 Жасталап ауылында медициналық пункт
🏥 Қызылжар ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт
🚑 Үштөбе қаласында 103 жедел жәрдем қызмет көрсету орталығы ашылды

Жаңа нысандар ауыл тұрғындарының сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып, өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Барлық нысандар заманауи жабдықтармен қамтылған, қабылдау, процедуралық және акушерлік бөлмелер қарастырылған.