2025 – 2026 жылдардағы жылыту маусымы басталар алдында, тұрғындарға әлеуметтік желілермен бейне үндеу және өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша ұдайы таратылуда.
Сонымен қатар қатты отынды пайдаланатын әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға аралау жүргізіліп көміртегі тотығы яғни иіс сезгіш (датчиктер) орнатылуда.
Жылыту маусымы кезенің қауіпсіз өтікзі үшін келесідей ережелерге мән берулеріңізді сұраймыз:
-Жылыту пештерінің түтін мұржалары мен сорғы құбырларын жылыту маумымының алдында, сондай ақ жылыту маусымы кезінде үш айда бір рет күйеден тазартыңыз;
- Жылыту пешінің тартымы болмаған жағдайда, бұл іс-шара айына бір рет кезеңділікпен жүргізілуі тиіс;
- Түтін құбырлары мен қабырғаларын, соның ішінде түтін арналары өтетін жерлерді сылап ағартыңыз;
- Қатты отын жағылатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданбаңыз;
- Пешті қатты қыздырмаңыз, Киімді, отында және басқа да заттарды кептіруге және жанып жатқан пештің жанына қоймаңыз;
- Күл мен шлак пештен шығарылғаннан кейін өрттің шығу мүмкіндігін болдырмайтын, осы үшін арнайы бөлінген жерге шығарыңыз және су құйыңыз;
- Балаларға жанып жатқан пешті қарауды тапсырмаңыз;
- Төсекте шылым шекпеңіз;
- Плитада дайындалып жатқан тамақты бақылаусыз қалдырмаңыз.