2025 жылдың қазан айының 13-19 аралығында Қаратал ауданының аумағында мал ұрлығымен байланысты қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесу, заңсыз ет өнімдерін өткізу орындарын жабу бойынша «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Қаратал АПБ-ның қызметкерлері мал сою орындары мен ет өнімдерін өткізу орындарының тиісті құжаттамамен тексереді. Сонымен қатар, жедел алдын алу іс-шарасы аясында ауданның тәртіп сақшылары халықпен мал ұрлығының алдын алу бойынша әңгімелер жүргізеді.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері Қаратал ауданының тұрғындарына сақ болуға және малды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
📌 Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда дереу полицияға 102 телефоны бойынша хабарласыңыз.
Бұл қылмысты ізін суытпай ашуға және күдікті адамдарды жедел ұстауға көмектеседі.