Жетісу облысында еңбек нарығының сұранысын ескере отырып, жергілікті бюджет есебінен 100 білім гранты бөлінді.

Жетісу облысында еңбек нарығының сұранысын ескере отырып, жергілікті бюджет есебінен 100 білім гранты бөлінді.

🔷 Білім беру гранттары еліміздің 9 жоғары оқу орнына - І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне, Қазақ ұлттық аграрлық университетіне, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне, Алматы технологиялық университетіне, Т.Жүргенов атындағы қазақ өнер академиясына, Семей медицина университетіне, Халықаралық білім беру корпорациясына берілді. Мамандықтар бөлінісі бойынша педагогикалық – 31, медициналық – 33, өнер – 4, өсімдік шаруашылығы – 9, ауыл шаруашылығы – 6, инженерлік – 5, құрылыс – 2, туризм – 3, қоршаған орта – 3, ақпараттық технологиялар 4 грант берілді. Бүгінгі таңда грант иегерлеріне арнайы сертификаттар табысталып, оларды жоғары оқу орындарына орналастыру жұмыстары жүргізілуде».