Бұл кәсіпорын кірпіштің осы түрлерін өндіретін өңірдегі алғашқы кәсіпорын саналады. Зауыттың жылдық қуаты жылына 150 мың текше метр. Мұнда 50 жаңа жұмыс орны ашылған. Жаңа зауытқа 2,5 млрд. теңге инвестиция тартылды.
Кәсіпорында қазір 50 тұрақты жұмыс орны ашылды. Мұнда түрлі саладағы жергілікті мамандар жұмысқа орналастырылды. Зауыттың тегін жатақханасы бар, сондай-ақ қызметкерлер күніне үш рет ыстық тамақпен қамтылады.