2025 жылғы 18 маусым күні Бикен Римова атындағы мектеп-гимназиясында 2024–2025 оқу жылының түлектеріне арналған аттестат тапсыру салтанаты өтті. Шараға аудан әкімі арнайы қатысып, жас түлектерге сәт сапар тіледі.
Салтанатты жиында аудан әкімі Ұлан Досымбеков 11-сыныпты үздік аяқтаған түлектерге — «Алтын белгі» иегерлеріне төсбелгілерді өз қолымен табыстап, олардың білім жолындағы табандылығы мен еңбегіне жоғары баға берді.
📌 Биыл мектепті 35 оқушы аяқтап, оның ішінде 5 түлек «Алтын белгіге», 2 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер атанды.
Сондай-ақ, аудан әкімі баласының жетістігіне үлес қосып жүрген бірқатар ата-аналарға Алғыс хаттар табыс етіп, оларды осындай тәрбиелі, білімді ұрпақ өсіргені үшін ерекше құрметпен атап өтті.