«Жылыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттары бойынша жиналыс

№5 ХАТТАМА

 «Жылыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттары бойынша жиналыс

 

Үштөбе қаласы                                                              11 мамыр 2026 жыл

 

Төраға: Бокенбаев Т.Р. – «Жылыту орталығы» ЖШС директоры

Хатшы: Тайсерикова А.Т. – техникалық бөлім инженері, комплаенс офицер

 

Қатысушылар: Қазандық шаруашылықтың мамандары

 

Күн тәртібі:

  1. Қызметтік әдеп кодексінің талаптарын сақтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын түсіндіру.
  3. Қызметкерлердің жеке жауапкершілігі.

Тыңдалды:

         Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қазандық басшысы сөз сөйлеп, қызметтік этика нормаларын сақтау әрбір қызметкердің негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Қызметкерлердің жұмыс барысында адалдық, әділдік, жауапкершілік, ашықтық және заңдылық қағидаттарын басшылыққа алуы қажеттігі түсіндірілді.

         Сондай-ақ ұжымда өзара сыйластықты сақтау, азаматтармен және тұтынушылармен қарым-қатынас кезінде әдептілік таныту, қызметтік жағдайды жеке мүддеге пайдаланбау, заңсыз сыйақылар мен сыйлықтарды қабылдамау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

         Қызметкерлерге кәсіпорынның оң беделін қалыптастыруда әрбір маманның жеке мінез-құлқы мен кәсіби этикасының маңызы зор екендігі айтылды. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының кез келген көріністеріне төзбеушілік таныту және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

        Жиналыс барысында қатысушыларға қызметтік этика қағидаларын сақтау еңбек тәртібін нығайтуға, ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға және қызмет сапасын арттыруға ықпал ететіні жеткізілді. Сонымен қатар қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажеттілігі атап өтілді.

 

Қаулы етілді:

  1. Қазандық қызметкерлері қызметтік этика қағидаттарын күнделікті жұмыс барысында қатаң сақтасын.

 

 

  1. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде адалдық, ашықтық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алсын.
  2. Азаматтармен, тұтынушылармен және әріптестермен қарым-қатынаста қызметтік әдеп нормаларын сақтасын.
  3. Қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдалануға және мүдделер қақтығысына жол берілмесін.

 

 

Жиын төрағасы                                                   Бокенбаев Т.Р.

 

Хатшы                                                                   Тайсерикова А.Т.

 

Дата публикации
15 июня 2026