Собрание по вопросам противодействия коррупции, проведённое с сотрудниками Товарищества с ограниченной ответственностью «Жылыту орталығы».

№4 ХАТТАМА

 «Жылыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиналыс

 

Үштөбе қаласы                                                                        13 сәуір 2026 жыл

 

Төраға: Бокенбаев Т.Р. – «Жылыту орталығы» ЖШС директоры

Хатшы: Тайсерикова А.Т. – техникалық бөлім инженері, комплаенс офицер

 

Қатысушылар: Қазандық шаруашылықтың мамандары

 

Күн тәртібі:

  1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері.
  2. Қызметтік міндеттерді адал және ашық орындау қағидаттарын сақтау.

Тыңдалды:

        Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қазандық басшысы Т.Р. Бокенбаев сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын түсіндірді. Қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу, қызметтік этика нормаларын  сақтау қажеттігін атап айтты.

       Екінші міселе бойынша техникалық бөлім инженері қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік және кәсіпорын мүлкін ұқыпты пайдалану, өызметтік міндеттерді орындау кезінде заң талаптарын сақтау жөнінде баяндама жасады.

Қаулы етілді:

  1. Қазандық қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтасын.
  2. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңсыз сыйақыларды, сыйлықтарды және басқа да материалдық игіліктерді қабылдауға жол берілмесін.
  3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу қамтамасыз етілсін.
  4. Қызметтік этика талаптарын сақтау және қазандықтың мүлкін тиімді пайдалану жөніндегі бақылау күшейтілсін.

 

Жиын төрағасы                                                   Бокенбаев Т.Р.

 

Хатшы                                                                   Тайсерикова А.Т.

Дата публикации
15 июня 2026