Ауылдық округ әкімі Ермек Досанаманов Калилоллаұлы 2021 жылғы 29 шілдеде сайланды.
Округтің аумағы 8357 га құрайды.
Округке 4 елді мекен кіреді, жалпы халық саны - 2909.
Кәлпе ауылы округ орталығы болып саналады, тұрғылықты халық саны - 1728 адам; Қанабек ауылында 794 адам; Қарашеңгел ауылында 266 адам; Айдар ауылында 127 адам тұрады.
Округте 191 шаруашылық субъектісі бар.
Ауылшаруашылық маңыздағы жерлер 5841 га құрайды, оның ішінде 2587 га шабындық, 2654 га жайылым.
Ауылдар ауыз сумен және электр жүйелерімен толық жабдықталған. Округтің 2 ауылында газ жүйесі жүргізіліп іске қосылған
Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес, аудан орталығымен байланысқан тас жолдың ұзындығы 16 км шақырым (қатты жабынмен).
4G кеңжолақты интернетпен 2 ауыл, билайн интернетімен 2 ауыл қамтылған.
Кәлпе және Қанабек ауылдарында 2 пошта бөлімшесі жұмыс жасайды, Қанабек ауылдық мәдениет үйі, Кәлпе ауылдық мәдениет үйі, спорт кешені, Кәлпе МДШО орта мектебі Кәлпе ауылында, Қ.Байсейітов атындағы МДШО орта мектебі Қанабек ауылында, Қарашеңгел ауылында орталау мектеп жұмыс жасауда.
Подстанция, 3 мешіт, 3 ауылдық медициналық мекемелер (ауылдық дәрігерлік амбулатория - 1, ФАП - 1, ФП - 1), 1 кітапхана, Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімдігі, 11 дүкен. Жолбарыс батыр ауылдық округінде 1 учаскелік полиция пункті бар.
Кәлпе орта мектебінде 50 орындық шағын орталық жұмыс жасайды (1976 жылы салынған), мектепте 251 оқушы оқиды. Қанабек ауылында Қ.Байсейітов атындағы орта мектепте 50 орындық шағын орталық жұмыс жасайды (1989 жылы салынған), мектепте 126 оқушы бар. Қарашеңгел орталау мектебінде 31 оқушы оқиды.
Мекен-жайы |
Жолбарыс батыр ауылдық округі, Кәлпе ауылы, мекен-жайы, Т.Даулетияров №1 |
Индекс |
041008 |
|
|
Әкімнің қабылдауына жазылу |
8/72834/24 2 00 8/72834/24 3 93 |
ӨТІНІШ БЕРУ |
eOtinish |
Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған