Қаратал ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті

Қаратал ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті

9 мамырда Қаратал ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы жеңіс-мәңгілік тағзым» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Майдан даласында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым ретінде Ескерткіштер алаңында гүл шоғын қою рәсімі өткізілді. Сондай-ақ, Жеңіс күніне орай орталық алаңда колледждер мен мектеп оқушыларының қатысуымен әскери шеру өткізіліп, салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасын тапты.

 

Бұл – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің, сондай-ақ Отан қорғаушылардың ерлігін мәңгі есте сақтаудың маңызды көрінісі болды.