
Кәлпе орта мектебінде «23 сәуір Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай оқушылармен «Сөз қадірін ұққан, сөз өнерін баққан...»
тақырыбында жергілікті қаламгер Жексенбек Ақылбекұлы Сұлтанбековпен кездесу өткізілді
Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысы мен еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Іс шараға мектебіміздің 9,10сынып оқушылары,ұстаздар қатысты.Кездесу барысында Жексенбек Ақылбекұлының өмірі мен шығармашылығы мен танысты.Оқушылар қаламгер туралы көптеген мәліметтер алып,өздері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап алып,еркін пікір алмасты. Сонымен қатар Жексенбек Ақылбекұлы жастарға кітапты көп оқу керектігін баса айтып өтті.
"Автограф орнына тілек"бөлімінде Жексенбек Ақылбекұлы оқушыларға тілек жазып,қолтаңбасын қалдырды.Кездесу қызықты да тартымды өтті.