Суару маусымына байланысты суару каналдары бақылауда

Суару маусымына байланысты суару каналдары бақылауда

Шаруа қожалықтарын сумен қамтамасыз ету мақсатында дайындық іс-шаралары жалғасуда. Жоспарға сәйкес, биыл 62 шақырым канал механикалық тазалаудан өтеді. Бүгінгі күнге дейін оның 11,2 шақырымы тазартылды. Жұмыстарды толық аяқтау қараша айына жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Айту би, Балпық және Жолбарыс батыр ауылдық округтерінде суару жүйелерін әктеу және бетондау жұмыстары қарқын алып жатыр.
Айта кетейік Елтай ауылдық округінде қант қызылшасын егу науқаны жүріп жатыр. Қазіргі таңда шаруа қожалықтары ылғалдандыру суын алып, көктемгі дала жұмыстарына кірісуде.