«Қамқор» жобасы аясында «Түлектердің ағаш егу» эко-челленджі өтті

«Қамқор» жобасы аясында «Түлектердің ағаш егу» эко-челленджі өтті

2026 жылғы 15 сәуір күні Кәлпе орта мектеп КММ-де 9–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Түлектердің ағаш егу» атты эко-челлендж ұйымдастырылды. Аталған іс-шара «Қамқор» жобасы аясында өтіп, білім алушылардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.Челлендж барысында түлектер мектеп аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, қоршаған ортаны көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Отырғызылған әрбір ағаш – бұл жас ұрпақтың табиғатқа деген қамқорлығының, туған жерге деген сүйіспеншілігінің және болашаққа деген сенімінің айқын көрінісі.Осындай игі бастамалар арқылы оқушылар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатты аялаудың маңыздылығын терең түсінеді.

Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет.
Бірге жасыл болашақ құрайық!