
Кәлпе ауылында учаскелік полиция қызметкері мен бас маман бірлесіп, ауыл тұрғындары арасында аумақтың санитарлық тазалығын сақтау мақсатында түсіндіру және ескерту жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға аулаларын таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша талаптар түсіндірілді.