
Жолбарыс батыр ауылдық округіне қарасты Кәлпе ауылында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа өрт сөндіру бекетінің құрылысы жүргізілуде. Аталған нысан ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.